Келісім шарттары

1. Негізгі ережелер

1.1. IT-promotion (кейін Сатушы) IT-жобаларды сату бойынша, ішкі жүйелерді (кейін – Өнім) жалға беру бойынша Сатушы үшін берілген Пайдаланушы Келісіміне (кейін - Келісім) сәйкес қызмет көрсетеді.

1.2. Келісімді ешбір арнайы хабарлаусыз Сатушы өзгерте алады, Келісімнің жаңа басылымы егер Келісімнің жаңа басылымында өзге қарастырылған болмаса, орындаушы сайтында жаряланғаннан кейін 7 (жеті) күн өткеннен кейін күшке ие болады,.

1.3. Егер Сатып алушы Келісімнің бір пунктімен келіспесе, онда ол Сатушының қызметтерін пайдалану құқығы болмайды.

1.4. Сатып алушының Тапсырысты төлеуі берілген Келісімнің шарттарын қабылдағанын білдіреді.

2. Екі жақтың құқықтары мен міндеттері

2.1. Сатушы тауардың құны төленген жағдайда Сатып алушыға Өнімді міндетті түрде жіберуі тиіс.

2.2. Сатушы міндетті түрде Сатып алушының электронды поштасына сатып алу- сату келісімшартын және төлеу есепшотын жіберуі тиіс.

2.3. Сатып алушы Сатушының электронды адресіне қолы қойылған және ұйым мөрімен бекітілген сатып алу-сату келісімшартын, төлемді растайтын құжаттарды (есеп-фактураны + төлеу есепшотын + жүк құжатты немесе төлеу түбіртегін), Өнімді жеткізу тәсілін көрсетіп, жіберуі тиіс.

2.4. Сатушы Өнімнің толық төлену уақытына дейін жіберуді жүзеге асырмауға құқылы.

2.5. Толық емес Өнімді жіберген жағдайда Сатып алушы өз таңдауы бойынша Сатушыдан талап қойылған күннен бастап 7 (жеті) күннің ішінде Өнімді толықтырып жіберуі тиіс. Егер Сатушы берілген мерзімнің ішінде Сатып алушының Өнімді толықтырып жіберу талабын орындамаса, Сатып алушы толық емес Өнімді толық Өнімге ауыстыруды талап ету құқылы.

3. Өнімді жіберу тәртібі

3.1. Өнімді беру орны Павлодар қаласы Қашықтықтан оқыту және IT-Promotion бөлімі, каб. 119а (Ломов көш. 64).

3.2. Қазақстан бойынша Өнімді беру «Казпочта» АҚ қызметі арқылы жүзеге асырылады.

3.3. Өнімді жеткізу құны Өнімнің құнына енгізілмеген және Сатып алушымен төленеді.

4. Есептеу тәртібі

4.1. Берілген Келісімнің 2.3 тармағына сәйкес рәсімделген сатып алу-сату келісімшартын Сатушыдан алғаннан кейін Сатып алушы төлеуді іске асырады.

4.2. Төлеу тәсілі – Сатып алушының ҚР валютасында (теңге) ақша қаражатын Сатушының есепшотына аудару. Осыдан төлеу ісі жағынан Сатып алуышынң міндеті Сатып алушының Сатушы есепшотына ақша аударылған күнінен бастап, орындалған деп есептелінеді.

5. Екі жақтың жауапкершілігі

5.1. Сатушы Өнімді Сатып алушыға дер кезінде жіберуге және/немесе ауыстыруға жауапты.

5.2. Сатушы Өнімді жеткізудің мерзіміне жауапты емес.

5.3.  Сатып алушы Өнім үшін ақыны дер кезінде және толық төлеуге жауапты.

6. Форс-мажор

6.1. Егер міндерттерді орындамау өрттің, су тасқынның, жер сілкісінің, ереуілдің, соғыстың, мемлекеттік органдары әрекеттерінің салдарынан немесе  басқа да екі жаққа тәуелді емес жағдайлардың салдарынан болса, екі жақ толығымен немесе жарым-жарты міндеттерді орындамау жауапкершілігінен босатылады,

6.2. Міндеттерді орындауға шамасы келмейтін жақ дер кезінде кездейсоқ апаттардың басталу уақытынан 10 (он) жұмыс күннің ішінде екінші жақты сәйкес органдармен берілген негіздеуші құжаттарды ұсынып,  жазбаша түрде ескертуі қажет.

6.3. Екі жақ төлем қабілетсіздігін форс-мажор жағдайы деп танымайды.

жұмыс істейді :OpenCart
IT-promotion © 2017